Оразбаева Жұлдыз – "Тараз мұрасы балалар көзімен" жобасы
Оразбаева Жұлдыздың "Тараз мұрасы балалар көзімен" жобасы шығармашылыққа бейім көпбалалы отбасылардың балаларын қолдап, олардың туындыларын ілгерілетуді мақсат етті. Жоба Тараз қаласының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау арқылы ішкі туризмді дамытуға бағытталған. Жоба аясында Жулдыз көпбалалы отбасылардан шыққан 30 баланы шығармашылық байқауға қатыстырып, олардың салған суреттерін кәсіби тұрғыда брендтелген өнімдерге бейімдеді. Нәтижесінде Тараз қаласының бейнесі бар 300-ге жуық футболка, бейсболка, және басқа өнімдер жасалып, Алматы қаласының тұрғындарына таратылды. Бұл жоба балалардың шығармашылығын дамытуға ғана емес, Тараз қаласының мәдени мұрасын насихаттауға да үлкен үлес қосты.
Жулдыздың пікірі: "Жоба балалардың шығармашылық әлеуетін дамытумен қатар, Тараздың бай мәдени мұрасын насихаттауға мүмкіндік берді. Балалар мен ата-аналардан алған жылы лебіздер мені одан әрі шабыттандырды. Бұл – менің арманымның орындалуы," – деп бөлісті Жұлдыз.
Айта кету керек, Жұлдыз біздің жобаға былтыр да қатысып, бірақ жеңе алмаған. Биыл бағын қайтадан сынап, жеңімпаздар арасынан табылды.